Жобалардың аудиті
Біздің сарапшылар үйіңіздің жобасын мұқият тексеріп, ықтимал қателерді анықтайды және Ecoton өнімін қолдануға бағытталған аса тиімді шешімдерді ұсынады. Сондай-ақ біз материалдарымызды таңдаумен және қолданумен байланысты барлық техникалық аспектілер бойынша кеңес береміз. Бұл құрылыс шығындарын оңтайландыруға және жұмыстарды жүргізу барысында қателердің пайда болу тәуекелін мейлінше төмендетуге мүмкіндік береді.
- Үйіңіздің жобасына аудит өткізуге өтініш жіберіңіз.
- Екі жұмыс күн ішінде толық ақпарат алу үшін сізбен біздің маманымыз хабарласады.
- Ecoton командасы үйіңіздің жобасына аудит өткізуге кіріседі. Жұмыстарды орындау мерзімі – 15 күнге дейін.
- Кеңес беру барысында біз техникалық сұрақтарға жауап беруге және жобалық шешімдерге қатысты түсініктеме беруге дайынбыз.
- Нәтижесінде біздің маманымыз құрылыс нормаларына және ережелеріне сәйкес Ecoton өнімін қолданумен үй жобасын оңтайландыру бойынша ауызша немесе жазбаша ұсыныстар береді. Бұл ұсыныстар жоба авторына беріледі, қажетті жағдайда, автордың қалауы бойынша оларды қолданыстағы жобаға енгізуге болады. Сондай-ақ қандай да бір сұрақтар пайда болғанда біз жоба авторына ұсыныстар бойынша ауызша кеңес беруге дайынбыз.
Келесі ақпаратқа назар аударыңыз: біз жобаны толық тексермейміз және жобалау және есептеу барысында жоба авторымен жіберілген қателер үшін, сондай-ақ біздің ұсыныстарымызға сәйкес өзгерістерді енгізудің нәтижесінде пайда бола алатын қателер үшін жауапты емеспіз. Сонымен қатар біз құрылыс-монтаждау жұмыстардың сапасы және жобаңыздың соңғы нәтижесі үшін жауапты емеспіз.