Ваши жалобы и предложения
Өздігінен салушылар үшін
Газды бетон – өздігінен салушылар үшін үздік материал
Ecoton газды бетонның басты артықшылықтарының бірі – өздігінен салушылар үшін мінсіздігі. Себептері:
- Ecoton газды бетон блоктары – жер үй үшін арзан шешім.
- Газды бетон қабырғаларын қалау – қалау жұмыстарының негізгі дағдыларын меңгерген көптеген адамдардың қолынан келетін оңай жұмыс.
- Ecoton блоктары бірқабатты сыртқы қабырғаларды қалауға мүмкіндік береді. Бұл құрылыс процессін айтарлықтай жеңілдетеді (көпқабатты құрылыстарға қарағанда) және қателердің ықтималдылығын азайтады.
- Газды бетон блоктары – салмағы аз материал. Бір-екі адам блоктарды көтеріп, таси алады – бұл құрылыс процессін жеңілдетеді және тездетеді. Сондай-ақ аз салмақтың арқасында іргетаста үнемдеуге болады.
- Блоктарды көбікті желімге қалағанда кір жұмыстар мейлінше қысқартылады, себебі қалау езіндісін дайындаудың қажеті жоқ.
- Газды бетонды өңдеу жеңіл: коммуникацияларды тарту үшін аралау, тесу. Қабырғаларды қалау үшін арнайы жақтау элементтер керек емес. Барлық қажетті материалдарды құрылыс алаңында қарапайым блоктардан жасауға болады.
- Үйді газды бетоннан салу үшін шағын жабдықтардың жиынтығы қажет. Сондай-ақ көптеген жұмыстарды қол жабдықтарын қолданып, орындауға болады.
Новости
Все новости