Компания туралы
«Ecoton» компаниялар тобы - Қазақстанның ұяшықты автоклавты қатаюдағы бетоннан (газды блок) жасалған бұйымдарды өндіру бойынша көшбасшы. Компания сондай-ақ силикаттық кірпішті және әктасты өндірумен айналысады. Өзбекстанда қуаттылығы 300 000 м3 автоклавты газды бетонды өндіретін зауыт 2022 жылы жұмыс істей бастады.
• Компанияның құрылған күні – 2002 жыл
• Қызметтің басты бағыты - ұяшықты автоклавты қатаюдағы бетоннан (газды блок) жасалған бұйымдарды (ГББ) және силикаттық кірпішті жасау.
• Зауыттардың саны – 6 зауыт, олардың 4-еуі газды бетонды өндіреді (3-еуі Қазақстанда, 1 - Өзбекстанда), 1 силикаттық кірпішті өндіретін зауыт, 1 әктасты өндіретін зауыт.
• Жалпы өндірістік қуаттылық (ГББ) – 850 000 м3/жыл.
• Жалпы өндірістік қуаттылық (силикат) – 42 000 000 дана/жыл.
• Штат саны – 925 адам.
• Компанияның құрылған күнінен өндірілді – 7 млн м3 газды блок
• Ecoton газды блогынан салынған тұрғын қоры – 25 млн м2.
«Экотон+» АҚ құрылыс материалдарды, бұйымдарды және құрылыстарды өндіруге, жобалық-іздестіру қызметке, сарапшылық жұмыстарға, инжинирингтік қызметтерге және құрылыс-монтаждау жұмыстарға лицензиялары бар.
Клиенттерге кешенді қызметтерді көрсету мақсатында Компания ілеспе тауарларды және қызметтерді сатады: қалауға арналған желімдердің түрлері, құрғақ құрылыс қоспалары, газды бетонмен жұмыс жасауға арналған жабдықтар, сонымен қатар тұтынушыға дейін газды блокты жеткізу бойынша қызметтер көрсетіледі.
Ecoton© зауыттарының басты өнімі автоклавты қатаюдағы ұяшықты бетоннан жасалған қабырғалық блоктар. Газды блок бұл бетонның жетілдірілген физикалық-механикалық қасиеттерін қамтамасыз ететін біркелкі бөлінген ұсақ тесіктері, яғни ұяшықтары бар жасанды тас. Ұсақ тесіктер материалдың тығыздығын төмендеткендіктен, цемент-құмды ерітіндімен салыстырғанда оның массасы айтарлықтай төмен болады. Газды бетонды жасау үшін тек қана қоршаған ортаға зиянсыз, сертификатталған минералдық материалдар қолданылады: портландцемент, құрылыс әктас, гипс тасы (ангидрид), кварц құмы, таза ауыз су және газ құрушы ретінде алюминий пастасы.
Газды блоктың өндірісінің көпжылдық тарихы бар. Соңғы жылдары өндіріс тұрақты түрде жетілдірілді, осының арқасында газды блок құрылыс саласында жоғары сұранысқа ие.
«Экотон+» АҚ зауыты ҚР Үкіметінің және Президентінің инновациялық-технологиялық даму бойынша
бағдарламаның
аясында құрылыс нарығының ең жоғары талаптарына сәйкес келетін заманауи құрылыс материалдарын өндіру бойынша
жетілдірілді. Қазіргі таңда кәсіпорынның өнімі – жоғары сапалы құрылыс материалдардың ұлттық бренді.
БАСТЫ АКТИВТЕР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ҚУАТТЫЛЫҒЫ |
|
Атауы | Қуаттылығы |
• Экотон+, Астана қ. (ГББ) | • 200 000 м3/жыл |
• Экотон-Батыс, Ақтөбе (ГББ) | • 200 000 м3/жыл |
• Алға (әктас) | • 40 000 тонн/жыл |
• Қандыағаш (ГББ) | • 150 000 м3/жыл |
• Қандыағаш (Силикат) | • 42 000 000 дана/жыл |
• Экотон Шарк, Ангрен қ. (ГББ) | • 300 000 м3/жыл |
Картада Экотон өкілділігі бар қалалар белгіленген: зауыттар, филиалдар және дилерлер.
Көпшілікке арналған офертаның шарттарымен келесі сілтеме бойынша танысуға болады →